Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәсіпқой бокста жүрген жігіттердің бәрі келуге дайын": Артаев бокстан құрама команданың қалай өзгеретінін айтты

Опубликовано:

Бақтияр Артаев
Бақтияр Артаев. Фото: egemen.kz

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті, мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев Олимпиададан кейін команданың қалай өзгеретінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ұлттық құрамадан ешкім кеткен жоқ. Бірақ Олимпиадаға барған құрама 80 пайызға өзгереді. Өйткені резерв бар, өсіп келе жатқан жастар бар. Бізде кәсіпқой бокста жүрген жігіттер де бар. Бәрімен келіссөздер жүргізілді. Кәсіпқой бокста жүрген жігіттердің бәрі келуге дайын", - дейді Артаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, осы спортшылардың барлығы келсе, 70-80 пайызға жаңарған команда биыл бокстан әлем чемпионатына барады.

"Биылдан бастап AIBA ережесіне сәйкес, жігіттер 13 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді. Ал қыздарымыз 12 салмақ дәрежесінде бокстаса алады. Әлем біріншілігіне нағыз мықтыларды апарамыз. Сол кезде басқа боксты көресіздер. Алла жазса, Олимпиаданың қателігін де сол жерде өзгертеміз", - дейді ол.

Еске сала кетсек, Токиода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 8 қола медаль алды. Олардың екеуі боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосыновқа тиесілі.

Осылайша, жалпы командалық есепте еліміз 83-орынға жайғасты.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпида жүлдегерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов "Құрмет" орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1927137-kasipqoi-boksta-zurgen-zigitterdin-bari-keluge-daiyn-artaev-bokstan-qurama-komandanyn-qalai-ozgeretinin-aitty/

pixel