Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақында белгілі болады": Токио-2020 жүлдегері Елдос Сметов спорттық мансабын жалғастыра ма

Опубликовано:

Дзюдоист Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: Photo by JACK GUEZ/AFP via Getty Images

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері Елдос Сметов үлкен спорттағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтар болсақ, дзюдошы спорттық мансабын жалғастыру мәселесіне жауап берді деп жазады Olympic.kz. 

"Егер спортты одан әрі жалғастырып, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысатын болсам, міндетті түрде 66 келіге ауысамын. Бұл туралы елге оралған бойда айтқан едім. Бәрі де жарақатыма байланысты болып тұр.

Егер денсаулығым жарап, жарақаттарым мазаламаса, міндетті түрде күресемін. Өйткені, күрес менің өмірім. Мен спорттан ләззат аламын. Мен еліміздің туын желбірету үшін жұмыс істеймін. Олимпиада аяқталды, жарақаттарымды емдеп бастаймын. Бәрі де жақын арада белгілі болады", - деді Сметов. 

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған еді. Осылайша, Елдос Сметов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Еске сала кетейік, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары 8 тамыз күні аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 8 қола медальмен 83-орынға тұрақтады.

Президенттің сөзінше, Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1927263-zaqynda-belgili-bolady-tokio-2020-zuldegeri-eldos-smetov-sporttyq-mansabyn-zalgastyra-ma/

pixel