RU

Футболшы Франция чемпионатындағы матч кезінде есінен танып қалды (видео)

Алаңдағы оқиға сәті
Фото: Johnny Fidelin/Icon Sport via Getty Images

Футболдан Франция чемпионаты кезіндегі матчта 23 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Самуэль Калу есінен танып қалды деп хабарлайды Life.ru.

Келеңсіз жайт Франция чемпионаттың екінші турында "Бордо" мен "Марсель" арасындағы матчың басында болды.

Ысқырық шалынып, ойын басталғаннан төрт минут өткен соң, төреші "Бордо" қақпасына айып добын белгіледі. Осы кезде қорғаныста тұрған 23 жастағы Самуэль Калу кенет есін жоғалтып, көгалға құлаған.

Дәрігерлер шұғыл түрде алаңға жетті. Медицина қызметкерлері футболшыға өз-өзіне келуіне көмектесіп жатқанда қос команданың ойыншылары алаңда жатқан жартылай қорғаушыны қоршап тұрды. Себебі олар бұл сәттінің камераға түскенін қаламаған.

Біраз уақыттан кейін дәрігерлердің көмегімен Самуэль есін жиды. Өздігінен аяққа тұрған футболшыны көрермендер қошеметпен алаңнан шығарып салды.

Осыдан кейін ол ойынға қайта оралуға дайын екенін айтып, алаңға шықты. Әйтсе де футболшының денсаулығына алаңдаған "Бордоның" бас бапкері Владимир Петкович ойыншыны алмастыруға шешім қабылдады.

Айта кетейік, кездесу тең нәтижемен аяқталды, есеп – 2:2.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік ЦСКА клубында ойнаған қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов басына жасалған тізе соққысынан кейін есінен танып қалғанын жазған болатынбыз.

Футболшы матчты жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Васин шықты. Кейін ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко Бахтиердің жағдайы туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1927333-futbolsy-franciya-cempionatyndagy-matc-kezinde-esinen-tanyp-qaldy/