Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карате де бар: Парижде өтетін Олимпиададан үш бірдей спорт түрін алып тастады

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі сурет: pixabay.com

Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті бағдарламаға кіретін спорт түрлерінің тізімін жариялады - одан үш спорт түрі алынған.

"Paris 2024" сайтында Парижде өтетін Олимпиадада қай спорт түрлерінен жарыс өткізілетіні туралы ақпарат жария болды.

Оған сәйкес, 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына 306 жарысты қамтитын 32 спорт түрі еніп отыр.

Тізімде каратэ, бейсбол және софтбол сияқты спорт түрі жоқ. Керісінше жаңа бағдарламаға тағы бір жаңа спорт түрі қосылып отыр. Ол - брейк-данс.

Ұйымдастыру комитеті бағдарламаға қатысты шешім түпкілікті екенін және оны өзгертуге болмайтынын мәлімдеді.

Олимпиада ойындарының дебютанты - брейкинг туралы не білеміз?

Брейкинг - бұл аяқты қимылдатып, басы мен арқасы арқылы айналу сияқты спорттық элементтерді қамтитын бидің түрі.

Спортшылардың өнері бірнеше критерийлер бойынша бағаланады. Олар: техника, стиль, жылдамдық, күш, ырғақ және ептілік.

Айта кетсек, бұған дейін Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары сегізінші тамыз күні аяқталғаны туралы жазған едік. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте сегіз қола медальмен 83-орынға тұрақтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1927358-karate-de-bar-parizde-otetin-olimpiadadan-us-birdei-sport-turin-alyp-tastady/

pixel