Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді еркін адаммын": 6 айға бас бостандығынан шектелген Қуат Найман қуанышын жеткізді

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov/

Биыл қаңтар айында желідегі үндеуі үшін алты айға бас бостандығынан шектелген аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов жазасын толықтай өтеп болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін маған тағайындалған үкім бойынша жаза мерзімі аяқталды. Енді мен еркін адаммын! Бірақ осымен барлығы аяқталды деген сөз емес. Мен қандай жағдай болмасын халық жағындамын", - деп жазды ол.

Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды соққыға жығуға шақырған болатын. Оның бұл үндеуі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 2021 жылдың қаңтарында Хамитовке қатысты сот үкімі шыққан. Нәтижесінде, ол 6 айға бас бостандығынан шектелді.

Айта кету керек, Қуат Хамитовтың қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді.

Сонымен бірге, бұған дейін Хамитов сотта соңғы сөзін айтқан болатын.

"Қандай жаза тағайындалса да мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, себебі мен елімнің намысын қорғаймын", - деді Қуат Хамитов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1928179-endi-erkin-adammyn-6-aiga-bas-bostandygynan-sektelgen-quat-naiman-quanysyn-zetkizdi/

pixel