Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Мэнни Пакьяо титулдық жекпе-жекте жеңіліп қалды (фото)

Опубликовано:

Мэнни Пакьяо боксшы
Мэнни Пакьяо. Фото: sovsport.ru

Танымал филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) титулдық жекпе-жекте кубалық Йорденис Угастан (26-4, 12 КО) жеңілді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Боксшылар арасындағы кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі T-Mobile Arena спорт кешенінде өтті.

Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа созылған. Кездесу қортындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Йорденис Угасқа берген.

Осылайша Йорденис Угас мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBA Super чемпиондық белбеуін сақтап қалған.

Ал 42 жастағы Пакьяо болса мансабында сегізінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, филиппиндік боксшы рингке 2019 жылдан бері алғаш рет шығып отыр. Ол кезде Мэнни Пакьяо америкалық Кит Турманды жеңген болатын.

Одан бөлек, бүгін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде "Танк" лақап атымен танымал америкалық боксшы Джоу Давейконы жеңді.

Отандасымыз екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, атағын қорғап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1928326-aigili-menni-pakyao-tituldyq-zekpe-zekte-zenilip-qaldy/

pixel