Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшы екінші кездесуінде қарсыласынан басым түсті

Опубликовано:

Бокс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Адайбек Ниязбай екінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Байрақты бәсеке Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатыр.

Отандасымыз Адайбек Ниязбай 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында 54 келі салмақта өнер көрсетуде. Ол алғашқы кездесуінде қарсыласын төрешілердің шешімімен ұтқан еді.

Боксшы екінші жекпе-жегінде сириялық Мухаммедпен жұдырықтасты. Тартысты өткен айқаста ол қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Ал үшінші раундта төрешілер отандасымыздың басымдығын бір ауыздан мақұлдады.

Айта кетейік, Адайбек Ниязбай - Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар, Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1928368-aziya-cempionaty-qazaqstandyq-bokssy-ekinsi-kezdesuin-de-qarsylasynan-basym-tusti/

pixel