RU

Түркіменстан президенті тәуелсіз ел тарихында алғаш рет Олимпиада медалін алған қызға пәтер сыйлады

Полина Гурьева
Полина Гурьева. Фото: Радио Азатлык

Түркіменстанда тәуелсіз ел тарихында алғаш рет Олимпиада жүлдесіне ие болған ауыр атлет Полина Гурьеваны марапаттау рәсімі өтті. Оған спорт шебері атағы беріліп, көлік және жаңа пәтер сыйға тартылды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Полина Гурьеваны марапаттау рәсімі 21 тамызда Ашғабадтағы Олимпиада қалашығында өткен.

Ауыр атлетке ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың атынан 50 мың АҚШ доллары және Ашғабадтан үш бөлмелі пәтер берілген.

Сонымен қатар, спортшыға вице-премьер Сердар Бердымухамедов Lexus LX 570 үлгісіндегі көліктің кілтін тапсырған.

Айта кетейік, Полина Гурьева ел тарихындағы алғашқы Олимпиада медалін (күміс) жақында Токиода өткен Олимпиада ойындары кезінде жеңіп алды.

Ол 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, серпе және жұлқа көтеруден 217 (96+121) келі бағындырған болатын.

Жалпы бұған дейін Түркіменстан тәуелсіз ел болғалы бері Олимпиада ойындарында бірде-бір медаль алмаған.

Биыл Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарына Түркіменстаннан тоғыз спортшы барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1928521-turkimenstan-prezidenti-el-tarixynda-algas-ret-olimpiadadan-zuldemen-oralgan-qyzga-pater-syilady/