Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егіздің сыңары": Токиода сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы қыз тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Екатерина Немич сүйіктісі Ильямен
Екатерина Немич сүйіктісі Ильямен: Instagram

Синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшесі, Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған Екатерина Немич тұрмысқа шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Екатеринаның сыңары Александра Немич әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Екатерина Немичтің таңдауы Илья есімді азаматқа түскен. Сондай-ақ, Александра Немич те өзінің сүйіктісін көпшілікке таныстырды. Ол каноэ мен байдаркада есуден Қазақстан командасының мүшесі Илья Голендовпен түскен суретін жариялады.

Айта кетелік, Екатерина және Александра Немичтер синхронды жүзуден жұптасып өнер көрсетеді. Олар 2016 жылғы Рио және 2020 жылғы Токио Олимиадаларында Қазақстан атынан сынға түсті.

Токиодағы сында олар 16-шы орын иеленіп, финалға өте алған жоқ. Сондай-ақ, спортшылар 2018 жылғы жазғы Азия ойындарында үздік үштікке енген.

Егіздер Теміртау қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасынан кейін тағы бір қазақстандық спортшы - каратэші Мөлдір Жаңбырбай тұрмысқа шықты. Ол өзінің командаласы, Азия ойындарының жүлдегері Дидар Әмірәлімен көңіл қосқан.

Токио Олимпиадасында Қазақстан командасы жалпы есебі 8 медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1928670-egizdin-synary-tokioda-synga-tusken-tagy-bir-qazaqstandyq-sportsy-qyz-turmysqa-syqty-foto/

pixel