Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рио олимпиадасынан екі жылдан соң қола медаль алған Уланов 45 мың доллар сыйақысын талап етуде

Опубликовано:

Тяжелоатлет Денис Уланов
Денис Уланов. Фото: Goh Chai Hin/AFP via Getty Images

2016 жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасында төртінші орынды иеленген зілтемірші Денис Улановқа екі жылдан кейін қола медаль табысталған еді. Өйткені үшінші орынға табан тіреген румыниялық спортшыдан допинг табылған. Осыған байланысты Уланов қола үшін төленетін 45 мың долларды талап етуде деп хабарлайды КТК телеарнасы.

2018 жылы Ашхабадта өткен әлем чемпионатында ресми түрде 3-ші орын Дениске табысталды. Осылайша бастапқыда 30 мың доллар сыйақы алдым деген спортшы, қола үшін төленетін тағы 45 мың долларды талап етуде.

"2 жылдан соң маған 3-ші орын берілді. Сөйтіп Ашхабадтағы әлем чемпионатында марапаттап, медаль тақты. Қола үшін 75 мың доллар тағайындалғанын естідім. Яғни үстіндегі қалған 45 мың доллар төленуі тиіс екен. Қаншама уақыт өтті. Барлығы 2020 жылы заңға өзгертулер енгізілгенін айтып, басын алып қашуда", - деді Уланов.

Қанша жыл өтсе де, үстіндегі төлемақыны төлеуге мемлекет құлық танытар емес деген зілтемірші, соңына дейін барамын деп отыр. Өйткені шешім әлемдік деңгейде қабылданған. Қазір әділдікті талап еткен ол уақытша спорттан қол үзіп, заңгерлермен жұмыс істеп жатыр.

"Мәдениет және спорт министрлігіне сауал жолдадық. Алайда, Дениске үстіндегі төлем қарастырылмаған деген жауап алдық. Біз онымен келіспейміз. Өйткені нормативті -құқықтық актіге сәйкес төлемақы берілуі тиіс. Сондай-ақ, ауыр атлетика федерациясына өтініш жібердік. Спорт және мәдениет министрлігіне қажетті барлық құжаттарды солар жіберулері керек", - дейді адвокат Данияр Киманов.

Екі жіл бұрын "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға өзгертулер енгізілгеніне орай, бұған дейінгі жетістіктерге төленуі тиіс ақшалай марапаттардан қағылатынын айтуда шенеуніктер. Ал  зілтеміршінің мәселесін алдағы уақытта халықаралық комиссияның қарауына тапсырмақ.

"2019 жылдың желтоқсанында спорт және дене шынықтыру туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерулер мен толықтырулар енгізілді. Яғни чемпиондар мен түрлі әлемдік додалардың жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына бөлінетін сыйақы қайта қозғалған болатын. Ал, ауыр атлетшіге қола 2018 жылы тапсырылды. Сол себепті заң қабылданғанға дейінгі дүниеле Серік Сәпиев.

Бірақ Денис Ұлановтың мәселесіне қатысты тағы да барлығы егжей-тегжейлі қаралатын болады. Яғни халықаралық комиссия қайта қарайды. Спортшы енді шенеуніктердің шешімін күтуі тиіс.

Сондай-ақ, соңғы уақыттары денсаулығы сыр берген ауыр атлет сыйақы бұйырса ақшаны денсаулығын қалпына келтіруге жұмсамақ.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1928730-rio-olimpiadasynan-eki-zyldan-son-qola-medal-ielengen-denis-ulanov-45-myn-dollar-syiaqysyn-talap-etude/

pixel