Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Бокс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық бес боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласы Дубайда бокстан жастар мен жасөсрірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Құрлықтық доданың жартылай финалдық бәсекелері басталып, финалға жолдама алған спортшылардың есімі белгілі болды.

Жарыстың басты фавориті саналған жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай жеңісті жолын жалғастыруда.

Ол жартылай финалда өзбекстандық Мухаммодкадир Мамыржоновтан басым түсті. 

Санжардан бөлек финалға тағы төрт қазақстандық боксшы жолдама алды. 

  • 60 келі: Ерасыл Ермек - Абдурахим Якубов (Тәжікстан) - 5:0
  • 86 келі: Темірлан Мұқатаев - Арген Бақтыбеков (Қырғызстан) - 5:0
  • 54 келі: Айшагүл Елеубаева - Мухлиса Хушвактова (Өзбекстан) - 5:0.
  • 63 келі: Милана Аюпова - Мохира Ахмедова (Өзбекстан) - 3:2.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1929023-qazaqstandyq-bes-bokssy-aziya-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel