Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел қоржынындағы екінші медаль: Әнуар Сариев Паралимпиада финалына шықты

Опубликовано:

Ануар
Фото: Қазақстан Паралимпиада комитеті

Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев Токиодағы Паралимпиада ойындарында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша финалға шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалда ол венесуэлалық спортшы Маркос Бланконы "иппон" әдісімен жеңген еді. Енді финалда Әнуарға әзірбайжандық парадзюдошы Вугар Ширинли қарсылас болмақ. Шешуші сайыстар сағат 13:00-де басталады.

Осылайша, Сариев Қазақстан құрамасының қоржынына Паралимпиада-2020 ойындарының екінші медалін әкеліп отыр.

Еске салайық, Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы жүлдені Давид Дегтярев алып келген еді.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев қарсыластарын артта қалдырып, чемпион атанды.

Ол 174 келіні бағындырды. Ал күміс жүлдені Франция өкілі А. Боурлон, қола медальді Грекия өкілі Д.Бакохристос иеленді.

Көп ұзамай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Дегтяровті құттықтады.

"Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1929212-el-qorzynyndagy-ekinsi-medal-anuar-sariev-paralimpiada-finalyna-syqty/

pixel