Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрислам Санаев жартылай финалда үнді балуанын не үшін тістеп алғанын айтты

Опубликовано:

Нұрислам Санаев
Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев жартылай финалдық белдесуде үндістандық Рави Кумарды не үшін тістеп алғанын айтты деп жазады Olympic.kz.

"Кумарды әдейі тістеген жоқпын. Мүмкін, жеңіліп жатқанда қалай да ұтамын деген оймен автоматты түрде жасалған шығар. Дәл сол кезде тістегенімді сезген де жоқпын.

Тек кілемнен түскен соң ойландым. Суреттерді көрдім. Дереу қарсыласымнан кешірім сұрадым. Әрине, күрес ережесінде қарсыласты тістеуге болмайды. Менікі ағаттық.

Кілемдегі қызумен үнділік балуанды қалай тістеп алғанымды да білмей қалдым", - дейді ол.

Бұл жайт үнділіктердің ашуын келтіргенімен, UWW спортшының әрекетіне әдейі жасалмаған реакция деген баға беріп, қазақстандық балуанға қатысты тәртіптік шара қолданбайтынын мәлімдеген.

Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев 57 келіде сынға түсіп, жартылай финалда Рави Кумардан жеңілді. Қола медаль үшін өткен белдесуде болгариялық қарсыласынан басым түсті.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаевтың тістеп алғанына шағымданған үнділік спортшы ақыры финалда өзі де ресейлік спортшыны тістеп алған болатын.

Одан бөлек, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында, керісінше үнді балуаны Сушил Кумар қазақстандық Ақжүрек Таңатаровты құлағынан тістеп алған еді.

Төрешілер Кумарды бұл қылығы үшін жазаламауды ұйғарған. Үндістан өкілі финалға жолдама алып, Ақжүрек Таңатаров Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1929434-nurislam-sanaev-zartylai-finalda-undi-baluanyn-ne-usin-tistep-alganyn-aitty/

pixel