Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар Дубайдағы Азия чемпионатында сегіз алтын жеңіп алды

Опубликовано:

Қазақстан командасының мүшесі
Қазақстан командасының мүшесі: kfb.kz

Дубай қаласында (БАӘ) бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталып, қазақстандықтар сегіз алтын иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандық боксшылар жалпы есебі 12 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 8 алтын, 2 күміс және 2 қола бар.

Азия чемпионатында топ жарған боксшылар тізімі төмендегідей:

Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Әбдіғали Әбдікерім (57 келіі), Ерасыл Ермек (60 келі), Ернұр Сүйінбай (63,5 келі), Абзал Серік (67 келі), Бақберген Әлиасқаров (75 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі).

Күміс жүлдегерлер:

Мәди Әміров (92 келі), Даниял Сапарбай (+92 келі).

Қола жүлдегерлер:

Арман Алматұлы (71 келі) мен Дәурен Мамыр (82 келі).

Бір күн бұрын аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да қазақстандық боксшылар 12 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі - алтын, үшеуі - күміс, бесеуі - қола медаль.

Қазақстан жастар командасын Қайрат Сәтжанов, Қазақстан жасөспірімдер командасы Аркадий Топаев жаттықтырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1929531-qazaqstandyq-bokssylar-dubaidagy-aziya-cempionatynda-segiz-altyn-zenip-aldy/

pixel