Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2020: Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды

Опубликовано:

Нұрдәулет Жұмағали
Нұрдәулет Жұмағали: prosports.kz

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар тағы бір медальмен көзге түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жолы жүзу спортының өкілдері жүлдеге қол созды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.

Ол неміс спортшысы Талисо Энгель мен америкалық Дэвид Абрахамсқа ғана есе жіберіп, төртжылдық додасында үздік үштікке енді.

Бұған дейін қазақстандық паралимпиадашылар Токио төрінде 4 медаль жеңіп алған болатын.

Давид Дегтярев пауэрлифтингтен топ жарса, Зарина Байбатина, Әнуар Сариев және Дәулет Теміржан дзюдодан кұміске иелік етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1929908-paralimpiada-2020-nurdaulet-zumagali-zuzuden-qola-zuldeger-atandy/

pixel