RU

Футболдан Қазақстан құрамасы 96-минутта гол соғып, Украинамен тең түсті (видео)

Қазақстан құрамасы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Украинамен кездесті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тартысты матч "Астана аренада" өтті.

Есепті ойынның небәрі екінші минутында Украина шабуылшысы Роман Яремчук ашып, құрамасын алға шығарды.

Жазда "Бенфика" сапына ауысқан ойыншы айып алаңының сыртынан өте әдемі гол соқты.

Бұдан кейін қос құраманың футболшылары алма кезек шабуыл жасағанымен, бірінші тайм осы есеппен аяқталды.

Матчтың екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы тактикалық тұрғыда сауатты ойнады.

Нәтижесінде 74-минутта Руслан Валиуллин есептті теңестірді.

Ал тартысты кездесудің 94-минутында Украина құрамасы екінші допты соқты. Гол авторы Данил Сикан. Футболшы қарсыластың қорғаушылары жіберген қателікті сәтті қолданып кетті.

Осыдан кейін Қазақстан құрамасы тайлы тұяғымен шабуылға шықты. Отандасымыздың бұл әрекеті жемісін де берді.

Юрий Логвиненконың баспен берген пасын сәтті пайдаланған Руслан Валиуллин есепті теңестірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы соңғы Еуропа чемпионатында өте жақсы өнер көрсеткен Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Украинамен тең ойнаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1929959-futboldan-qazaqstan-quramasy-96-minutta-gol-sogyp-ukrainamen-ten-tusti-video/