RU

УЕФА қазақстандық футболшы Валиуллинді "күннің үздік ойыншысы" деп таныды

Руслан Валиуллин
Фото: Anthony Dibon/Icon Sport via Getty Images

Қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің төртінші күнінің ТОП-3 ойыншысының көшін бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы УЕФА-ның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Валиуллин бұл жетістікке Қазақстан құрамасы сапында Украина құрамасына соққан екі голының арқасында жетті. Жартылай қорғаушы 95 минутта есеп 1:2 болып тұрған кезде қарсыластар қақпасына екінші голды соққан болатын.

Бұл матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

УЕФА-ның үздік 3 ойыншының рейтингінде екінші орында швециялық Виктор Классон тұр, ол өз командасына Испанияны жеңуге көмектесті.

Үшінші орында Босния және Герцеговина футболшысы Эдин Джеко тұр, ол Франция құрамасының қақпасына гол соғып, құрамалар 1:1 есебімен тең ойнады.

Еске сала кетсек, Руслан Вайлуллин клубтық деңгейдегі көрсеткіштері бойынша көзге түспеген. 2021 жылдың ең нәтижелі маусымында ол үш гол соқты. Бірақ ұлттық құрама сапындағы матчта бірден дубль рәсімдеді.

Статистика
Валиуллиннің статистикасы. Скриншот: flashscore.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1930527-uefa-qazaqstandyq-futbolsy-ruslan-valiullindi-kunnin-uzdik-oiynsysy-dep-tanydy/