Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Бразилия мен Аргентина арасындағы матч ортасынан тоқтатылды

Опубликовано:

Матч Бразилия - Аргентина остановлен
Фото: Alexandre Schneider/Getty Images

Футболдан Бразилия - Аргентина арасындағы матч тоқтатылды. Себебі ойынның төртінші минутында алаңға Бразилияның денсаулықты бақылау ұлттық агенттігі мен полиция қызметкерлері шықты деп жазады Sports.ru.

Алаңға баса көктеп кірген делегация матчты тоқтату туралы шешім шығарды.

Олар "Аргентина футболшылары Эмилиано Мартинес, Эмилиано Буэндиа (екеуі де "Астон Вилла"), Джованни Ло Чельсо мен Кристиан Ромеро (екеуі де "Тоттенхэм" ойыншысы) Бразилия шекарасынан карантин талаптарын сақтамай өтті" деген пікірде.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, Ұлыбританиядан келген барлық жолаушылар 14 күн оқшалану қажет.

Anvisa аталған футболшылар иммиграция қызметіне соңғы уақытта Ұлыбританияға бармағаны туралы жалған ақпарат берді деп санайды.

Бұған дейін Anvisa төрт ойыншыны қонақ үйде ұстау туралы пәрмен берген. Олар содан кейін спортшыларды елден шығаруды ойластырыпты.

Алайда құқық қорғау саласының мамандары қонақ үйге келгенде төрт футболшының автобуспен алаңға кетіп қалғанын естіген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1930548-koronavirus-braziliya-men-argentina-arasyndagy-matc-ortasynan-toqtatyldy/

pixel