Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"31 жыл еңбегі бар": Бокстан Қазақстан командасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Опубликовано:

Қайрат Сәтжанов сол жақтан бірінші
Қайрат Сәтжанов сол жақтан бірінші: kfb.kz

Қазақстан бокс федерациясы әйелдер және ерлер командасының бас бапкерлерін ауыстырып, жаңа жаттықтырушылардың есімін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бокстан Қазақстан ерлер командасының бас бапкері болып Қайрат Сәтжанов тағайындалды. Ол 31 жылдан бері жаттықтырушылық қызмет атқаруда. 2009-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер командасының аға бапкері, 2019 жылдан бастап жастар құрамасының аға бапкері міндетін орындады.

Соңғы екі жылда Қайрат Сәтжановтың шәкірттері Азия чемпионатында жалпы есепте көш бастаса, әлем біріншілігінде медаль саны бойынша екінші орын иеленген.

Айта кетелік, Қайрат Сәтжанов Токио Олимпиадасында сәтсіздікке ұшыраған Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың орнына келді. Кеше Кенжебаев өз еркімен қызметінен бас тартатынын мәлімдеген болатын.

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының да бапкерлік құрамы өзгерді. Екі жылдан бері бұрымды боксшылардың жаттықтырған Ерік Алғабектің орнына Шамиль Сафиуллин келді. Ол 25 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарады.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан боксшылары екі қола медаль иеленді. Бұл тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан командасы көрсеткен ең төмен нәтиже. Токио Олимпиадасында Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов үздік үштікке енді.

Қазақстан боксшыларының ең үздік нәтижесі 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында тіркелген. Аталған додада қазақстандықтар 2 алтын, 2 күміс иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1930644-31-zyl-enbegi-bar-bokstan-qazaqstan-komandasynyn-zana-bas-bapkeri-tagaiyndaldy/

pixel