Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық белгілі волейбол жаттықтырушысы өмірден өтті

Опубликовано:

Вячеслав Шапран
Вячеслав Шапран. Фото: sports.kz

Қазақстандық белгілі волейбол жаттықтырушысы Вячеслав Шапран 73 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясы Instagram парақшасында хабарлады.

Федерацияның мәліметінше, Вячеслав Шапран бүгін, 8 қыркүйекте өмірден өткен.

Вячеслав Шапран 1948 жылы 21 тамызда Алматыда дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ дене шынықтыру және спорт институтын тәмәмдаған.

Алматылық "Буревестник" командасында ойнаған. Шапран командаластарымен бірге 1969 жылы волейболдан КСРО чемпионы, 1968, 1970 жылдары күміс, 1971 жылы қола жүлдегері болған. Сондай-ақ, 1970, 1971 жылдары волейболдан Еуропа чемпиондар кубогін жеңіп алған.

Бапкер ретінде Алжир ұлттық құрамасын, Тунистің "Этуаль" командасын жаттықтырған.

2001-2006 жылдары алматылық "Рахат" командасының бас бапкері болды. Оның басшылығымен "Рахат" алты мәрте Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан кубогін иеленді. Клубтық командалар арасында Азия чемпионы болып, төрт мәрте Қазақстан президентінің кубогін жеңіп алған.

2000-2016 жылдар аралығында Шапран волейболдан Қазақстан қыздар құрамасын үзіліспен жаттықтырған. Осы аралықта оның шәкірттері әлем чемпионатының финалдық бөліміне дейін жеткен. Одан бөлек, Азия чемпионатының күміс, Азия кубогінің күміс және қола жүлдегері атанған.

2011-2015 жылдары талдықорғандық "Жетісу" волейбол клубын басқарған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1931108-qazaqstandyq-belgili-voleibol-zattyqtyrusysy-omirden-otti/

pixel