Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үздік бомбардир": Допты ұршықша иіретін қаршадай қазақ қызы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Әмина
Кадр: КТК арнасы

Әлеуметтік желіде танымал алматылық Әмина Бибосынованың доп тебу шеберлігіне көпшілік тәнті. Жасөспірім қыздың арманы әлемдік дода топ жару деп хабарлайды КТК арнасы.

15 жастағы Әмина жақында "Қайрат" футбол клубының қыздар құрамасына қабылданды. Арудың болашағынан жаттықтырушылары үлкен үміт күтеді.

Осыдан үш жыл бұрын кәсіби футболмен айналысуды бастаған жасөспірім бүгінде оқу мен жаттығуды қатар алып жүр.

"ЖФК "Алматы" клубынан бастап ойнағанмын. Сосын бізді "Қайратқа" шақырды, бүкіл командамызды. Осы жылы біз Қазақстан чемпионатының финалдық турына өттік. Келесі айда финал туры болады", - дейді Әмина Бибосынова.

Әминаның финттары әлеуметтік желіде мыңдаған лайк жинайды. Соңғы үш жылдан бері жастар арасында Әмина үздік бомбардир, үздік шабуылшы аталымы бойынша ешкімге дес бермей келеді.

Әмина
Кадр: КТК арнасы

Үйде ұлдан кейінгі қыздың футбол жолын таңдауы о баста ата-анасының таңданысын туғызғанмен, кейін олар баласының таңдауын құптай бастаған.

"Онша мән берген жоқпыз. Өзі келіп айтты: "әке, футбол бастасам, футбол ойнасам, шақырып жатыр деп". Командасы өзі іздеп бізді тапқан. Қабілетіне қарасақ, қазір қыздар футбол командасында ойнап жатыр, Қазақстан бойынша. Мектепте жақсы оқиды", - дейді Әминаның әкесі Абай Өтепов.

Биыл 10-сыныпқа аяқ басқан Әмина өмір жолын ала доппен байланыстырғысы келеді. Алға қойған мақсаты Қазақстан қыздар құрамасында өнер көрсету.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1931143-dopty-ursyqsa-iirgen-qarsadai-qazaq-qyzy-kopsilikti-tanti-etti/

pixel