Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен көлік табысталды (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токиода өткен Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер мен көлік кілтін табыстады. Бұл туралы әкімдік Facebook парақшасында хабарлады.

"Бұл – қажырлы еңбек пен биік намыстың, өршіл руһтың жеңісі. Бұл- берік сенім мен мемлекетшілдіктің жарқын үлгісінің жемісі! Әрбір атыраулық параспортшы алтын медальге лайық өнер көрсетті. Сондықтан әрқайсыңыз біз үшін жеңімпазсыз!", - дейді Досмұхамбетов.

Айта кетейік, Токио Паралимпиадасына қатысқан 8 атыраулық спортшының үшеуі - Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина ел қоржынына күміс жүлде салды.

Ал Аманжол Жанбота 5-орынды, Нұрлан Домбаев паратаеквондодан 5-орынды, Ержан Сәлімгереев паражүзуден 6-орынды иеленді.

Осы орайда, күміс жүлдегерлердің әрқайсысына екі бөлмелі пәтер мен көлік кілті табысталып отыр. Сондай-ақ, парадзюдодан Қазақстанның бас бапкері Жандос Қияновқа 4 миллион теңге, ал өзге жаттықтырушылар мен жарыс қатысушыларына 1 миллион теңгенің сертификаттары берілген.

Фото
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Парадзюдошы Әнуар Сариев жүлдесін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайтынын айтты.

"Бізге қолдау білдірген әрбіріңізге алғыс айтамын. 2024 жылғы Парижде өтетін паралимпиада ойындарында күміс медалімізді алтынға айналдыруға тырысамыз", - дейді ол.

Фото
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1931181-atyrau-oblysynda-paralimpiadasylgarga-pater-men-kolik-tabystaldy/

pixel