Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Украина кездесуінің қаһарманы Валиуллиннің допинг дауына ілінгені рас па

Опубликовано:

Руслан Валиуллин
Руслан Валиуллин. Фото: kazfootball.kz

УЕФА "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Руслан Валиуллинге допингке қарсы ережені бұзды деген айып тақты деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен растады.

Оның сөзінше, Руслан Валиуллин ұшыраған допинг дауының Қазақстан футбол құрамасына қатысы жоқ.

"Ол "Тобылдың" ойыншысы және оқиға Украинамен ойынға дейін болған. Одан әрі қалай болатыны әзірге белгісіз, УЕФА-ның шешімін күтеміз. Мүмкін бір ай, мүмкін одан да көп", - деді Ермұхамед Мәулен.

Бұған қатысты қостанайлық "Тобыл" клубы да пікір білдірді.

"Тобыл" футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығына байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы ақпарат алды. Бүкіл ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді, қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1931277-qazaqstan-ukraina-kezdesuinin-qaharmany-ruslan-valiullinnin-doping-dauyna-ilingeni-ras-pa/

pixel