Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада матч кезінде футболшылар төбелесіп қалды (видео)

Опубликовано:

футбол
Видеодан кадр: liter.kz

Нұр-Сұлтанда "Сансет" және "Барыс" командалары арасындағы әуесқой матч кезінде жаппай төбелес болды. Футбол алаңындағы оқиғаның видеосын Liter.kz басылымы жариялады.

Матч кеше, 11 қыркүйекте "Сайран арена" футбол алаңында болған.

Футболшылар арасындағы жанжалға нақты не себеп болғаны белгісіз. Алайда кадрларда жастардың төбелесіп, бір-біріне жұдырық жұмсағаны көрсетілген.

Одан бөлек, видеодан командалардың бірінің қақпашысына соққы тиіп, салдарынан жағдайы нашарлағанын байқауға болады. Дегенмен судьялар жанжалды тоқтатып, зардап шеккен спортшыға дәрігер шақыртқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1931621-elordada-matc-kezinde-futbolister-tobelesip-qaldy-video/

pixel