Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда белгілі дзюдошыны өлтіріп кетті

Опубликовано:

Расулов
Фото: judoinside.com

Ташкентте белгілі дзюдошы Камолиддин Расулов қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Басылымның жазуынша, 29 жастағы дзюдошы Ташкенттің Үштепі ауданында жанжал барысында ажал құшқан.

Бұл ақпаратты агенттікке Өзбекстан дзюдо федерациясы растаған.

Бас прокуратураның мәліметінше, оқиға спортшы мен оның 30 жастағы танысы арасында болған.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам Расуловқа асүй пышағымен денесінің әр жерінен соққы жасап, салдарынан дзюдошы қайтыс болған.

Жастар арасындағы келіспеушіліктер дзюдошының бұған дейін танысына дәрумендер сатқанына байланысты туындаған. Танысы дәрумендерді қолданғаннан кейін денсаулығы нашарлап, салдарынан Расуловпен сөзге келген деп түсіндірді қадағалаушы орган.

Күдікті ұсталған. Оған қатысты 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, марқұм Камолиддин Расулов ​​2012 жылы жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионы, 2019 жылы Ташкентте дзюдодан Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын.

Daryo ақпарат агенттігінің мәліметінше, ұсталған күдікте де спортшы. Ол - дзюдодан және ұлттық спорт түрі - күрестен Өзбекстан чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1932074-ozbekstanda-belgili-dzyudosyny-oltirip-ketti/

pixel