RU

БАҚ: Токиода өткен Олимпиада жүлдегері Игорь Сон өзіне сыйлаған көлікті соғып алды

Игорь Сон
Фото: exk.kz / Азат Жумаханов

Талдықорғанда куәгерлер Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сонның көлігін суретке түсіріп алған. Кадрдан көліктің жол апатына ұшырағанын байқауға болады деп жазады "Экспресс К".

Фотодан көліктің сол жағы бүлінгенін, тіпті бамперінің жоқ екенін көруге болады.

Еске сала кетсек, Игорь Сон Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола жүлде алған болатын.

Бұл жеңісі үшін оған мемлекет тарапынан 75 мың АҚШ доллары берілді. Дегенмен ауыр атлет оны қайырымдылыққа жұмсайтынын хабарлаған еді.

Ал көлікті Ауыр атлетика федерациясы сыйлаған болатын.

Одан бөлек, Алматы облысының әкімдігі спортшыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зілтеміршіні "Құрмет" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1932581-tokioda-otken-olimpiada-zuldegeri-igor-son-ozine-syilangan-kolikti-sogyp-algan/