RU

Әйгілі боксер Мэнни Пакьяо Филиппин президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды

Мэнни Пакьяо боксшы
Мэнни Пакьяо. Фото: sovsport.ru

Танымал филиппиндік боксшы, бокстан бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо Филиппин президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды деп жазады Isport.ua.

Көпшілікке Мэнни Пакьяо атымен танымал боксшы әрі сенатор Эммануэль Дапидран Пакьяо 2022 жылғы президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынды.

Мэнни Пакьяо "Филиппин демократиялық партиясы - Халық билігі" фракциясының (PDP-Laban) атынан президенттікке үміткер болады.

Ол аты аңызға айналған футболшы Веаның жолын қуып, өз елінің өркендеуі үшін сүбелі үлесін қосуды мақсат етіп отырғанын алға тартты.

Филиппин президентін сайлау 2022 жылдың 9 мамырында өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Мэнни Пакьяо титулдық жекпе-жекте жеңіліп қалғаны туралы жазған едік. Кубалық Йорденис Угаспен жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі T-Mobile Arena спорт кешенінде өтті.

Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа созылған. Кездесу қортындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Йорденис Угасқа берген.

Осылайша, 42 жастағы Пакьяо болса мансабында сегізінші рет жеңіліп отыр. Ол рингке 2019 жылдан бері алғаш рет шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1932814-aigili-bokser-menni-pakyao-filippin-prezidenti-sailauyna-oz-kandidaturasyn-usyndy/