RU

Жалақысын талап еткен футболшылар соққының астында қалды

Спорт
Көрнекі фото: pexels.com

Өзбекстандық "Сурхан" футбол клубының бұрынғы ойыншылары жалақыларын талап еткені үшін соққының астында қалғандарын мәлімдеген деп хабарлайды Рrosports.kz.

Клуб басшылығы футболшылар Жавохир Есонқұлов пен Акром Ходжаевқа қарызды жарты жыл ішінде өтеуге уәде беріп, оларды кеңсеге шақырған. Бірақ ол жерде ойыншыларды ұжымның бапкерлері күтіп тұрыпты.

Басылым дерегінше, олар футболшыларды таяқпен және орындықтармен ұрып-соғып, арқанмен қылқындырған.

Содан кейін, клуб жаттықтырушылары "айғақтардан құтылу үшін" ойыншыларға таза футболкалар кигізіп, босатып жіберген.

Бұған қатысты пікір білдірген "Сурханның" басшылығы, бұл нұсқаны жоққа шығарып отыр. Олар ойыншылар қақтығысты бірінші болып бастады және бұл тек қорғаныс шарасы ретінде жасалды деп мәлімдеді.

Айта кетейік, "Сурхан" жоғарғы лигада ойнайды және аутсайдер команда болып есептеледі. Клуб турнирлік кестеде соңғы 13-орында тұр. Ұжым 18 матчта 14 ұпай жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1933275-zalaqylaryn-talap-etken-futbolsylar-soqqynyn-astynda-qaldy/