Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: Instagram/ufcfra

Отандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа отырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Жаңа келісімшарт құтты болсын" деді ол.

Саят Абдрахмановтың жазбасынан жаңа келісімшарттың төрт жекпе-жекке есептелгенін аңғаруға болады.

Алайда менеджер Жалғас Жұмағұловтың октагонға қашан шығатынын жазбады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Конор Макгрегор мен Дастин Порье жұдырықтасқан турнирде бақ сынады. Қазақстандық спортшы америкалық Джером Ривераға (10-5) қарсы шықты. Кездесу аса жеңіл салмақ категориясында өтті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Бұл Жалғас Жұмағұловтың кәсіби мансабындағы он төртінші, ал UFC аясындағы алғашқы жеңісі болды. Өткен жекпе-жектерде ол бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швециялық Амир Альзабиден төрешілер шешімімен ұтылып қалған еді.

Ал Джером Ривера болса, мансабындағы алтыншы және UFC аясындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Ол промоушндағы үш жекпе-жегінде де қарсыласына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1933416-zalgas-zumagulov-ufc-men-zana-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel