Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-мен жаңа келісімшартқа отырған Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы кім

Опубликовано:

аралас жекпе жек шебері
Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе жек шебері Жалғас Жұмағұлов 4 желтоқсан күні октагонға шығады. Оның қарсыласы Манела Капе деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты спортшының өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Кездесу Лас-Вегаста өтеді жоспарланып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Конор Макгрегор мен Дастин Порье жұдырықтасқан турнирде бақ сынады. Қазақстандық спортшы америкалық Джером Ривераға (10-5) қарсы шықты. Кездесу аса жеңіл салмақ категориясында өтті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Бұл Жалғас Жұмағұловтың кәсіби мансабындағы он төртінші, ал UFC аясындағы алғашқы жеңісі болды. Өткен жекпе-жектерде ол бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швециялық Амир Альзабиден төрешілер шешімімен ұтылып қалған еді.

Ал Джером Ривера болса, мансабындағы алтыншы және UFC аясындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Ол промоушндағы үш жекпе-жегінде де қарсыласына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1934181-ufc-men-zana-kelisimsartqa-otyrgan-zalgas-zumagulovtyn-kelesi-qarsylasy-kim/

pixel