Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан жартылай финалға шыққан Қазақстан құрамасының ойыншысы шашын алып тастады

Опубликовано:

Шыңғыс Есенаманов
Фото: instagram.com/esenamanov_10

Қазақстан құрамасының футболшысы Шыңғыс Есенаманов команда футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққаннан кейін шашын алып тастады. Спортшы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

17 қыркүйекте әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екі жеңістен кейін Шыңғыс Есенаманов сұхбат барысында егер ұлттық құрама үздік төрттікке енсе, онда шашын тықырлап алып тастауға уәде берген.

Кеше, 27 қыркүйекте Қазақстан Иранды 3:2 есебімен жеңіп, 1/4 финалға шыққан еді.

Осыдан кейін Есенаманов уәдесінде тұрып, жаңа шаш үлгісін көрсетіп, желіде сурет жариялады.

"Уәде бердім, уәдемді орындадым... Әйелім үйге кіргізетін шығар деп үміттенемін", - деп жазған футболшы.

Бұған дейін оның шаш үлгісі осылай болған еді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтаған болатын.

"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!",- деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1934221-zartylai-finalga-syqqan-futzaldan-qazaqstan-quramasynyn-oiynsysy-sasyn-alyp-tastady/

pixel