RU

AIBA Қамшыбек Қоңқабаевты жыл боксшысы деп таныды

Қамшыбек Қоңқабаев
Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) үздіктерді марапаттау дәстүрін жалғаcтырып жатыр. Осыған байланысты, әрбір ұлттық федерация өзінің негізгі мамандарын бокстың дамуына, нығаюына қосқан үлесі мен жетістіктеріне қарай таңдап, сараптайды деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша, Қазақстандағы ең үздік бапкер Қайрат Сатжанов болды. Оның жастар құрамасындағы жоғары нәтижелері ескерілген.

Ал Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев үздік боксшы атанған. Ұлттық құраманың капитаны өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады және рингтегі нәтижелерден басқа қоғамдық жұмыстарға да қатысады.

Әйелдер арасында үздік боксшы атағына команда көшбасшысы Алуа Балқыбекова лайық деп танылған. Ол биылғы жылы ең жеңіл салмақта Дубай-2021 Азия чемпионы болған.

Жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионы Санжар Ташкенбай да AIBA сертификатына ие болды. Бұндай марапат оның құрамадағы әріптесі Милана Аюповаға да бұйырды. Биыл ол құрлықтық жастар арасындағы біріншілікте жеңімпаз атанды.

Ермек Сүйеніш Қазақстанның үздік төрешісі деп танылды. Отандасымыз Токиодағы Олимпиада ойындарында жоғары деңгейдегі жұмысымен көзге түскен.

Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. Оны Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков жүргізді. Іс-шараның өзі бүкіл әлемдегі халықаралық бокс күніне орайластырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1934383-xalyqaralyq-boks-qauymdastygy-qamsybek-qonqabaevty-zyl-bokssysy-dep-tanydy/