Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтар ақша бермесе, Тутберидзе маңына жолатпайды": Журналист Элизабет Тұрсынбаеваның анасын орнына қойды

Опубликовано:

Элизабет Тұрсынбаева мен анасы Падишахан Сұлтанәлиева
Элизабет Тұрсынбаева мен анасы Падишахан Сұлтанәлиева: Facebook

Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтанәлиева қызының Қазақстан намысын қорғағанына өкінетінін айтқан болатын. Бұл пікір желуде қызу талқыланды. Элизабеттің анасы "Қазақтарға туын көтерсең де жақпайсың" деп жазба қалдырып, кейін өшіріп тастады. Ал спорт маманы Айдос Рымқұл өзінің жеке пікірін айтып, Қазақстан ақша бермесе, Тұрсынбаеваның биіктен көріне алмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Соңғы 2-3 күнде Элизабет Тұрсынбаеваның анасының Қазақстанға қарата айтқаны спорт жанкүйерлері арасында қызу пікір талас туғызуда. Біреулер жақтаса, біреулер даттап жатыр. Тіпті Элизабет Тұрсынбаеваның өзі халықтан кешірім сұрағандай болып, аяғы өздерің қандай жетістікке жеттіңдер деп халыққа қарсы тас атып отыр. Қысқы спорттың жанкүйері ретінде ойымды қоса кетсем деймін. Бұл менің спорт маманы ретінде емес, қарапайым жанкүйер ретіндегі ойым...

Белгілі бір спортта мемлекеттің сол спортқа қатысты байырғы тарихы, мықты спортшылары болмаса төрешілер мұрын шүйіре қарайтыны өтірік емес. Елімізде мәнерлеп сырғанау спорты аса танымалдылығы жоқ. Қазақстан спортшылары арасында КСРО тарқап Азия ойындарының алтынын ұтты демесеңіз, Денис Тенге дейін әлемдік деңгейде спортшы шыққан емес. Қазақстан мәнерлеп сырғанау спорты тарихын Денистен бастаса да қарсы болмас едім. Денис келгелі көп спортшылар қызығып, қаракөздеріміз көптеп ағылып жатыр бұл спортқа.

Денистің ізін ала әлемдік деңгейге Элизабет Тұрсынбаева шықты. Элизабетпен бірге анасы, қырғызы қызы - Падишахан Сұлтаналиева да ортаға шықты. Неге ұлтын басып айтып отыр дейтін шығарсыздар? Себебі, Элизабетті "ә дегенде" әкесі қазақ болғанына қарамастан, Қырғызстан құрамасына қосқысы келген. Бірақ айыр қалпақты ағайындарымыздағы белгілі проблемаларға байланысты Элизабетті "амал жоқтан" Қазақстан құрамасына қосты.

Бұндай спортшы елімізге күнде келіп жатқан жоқ, елімізден күнде шығып жатқан жоқ. Қырымбек Көшербаев бастаған сол кездегі Қызылорда облысы әкімдігі бастап, мәнерлеп сырғанаудағы функционерлер қостап бар жағдайын жасап бақты қызымыздың.

Қазақстанның ақшасы болмаса Брайан Орсер мен Этери Тутберидзе Элизабетті жаттығудың маңына жолатпас еді. Бұл шындық. Басқа басқа, Қазақстанға не Элизабеттің, не анасының ренжуге хақы жоқ. Төрешілер әделетсіздік танытты деп су ішкен құдығына түкіруге болмайды.

Менің ойым, Элизабеттің анасында қызының қырғыз елінің атынан шықпағанына өкініш бардай көрінді. Қазақстанға айтқан өкпе-наздары еш орынсыз.

Әрбірден кейін спортшы спортпен ел үшін емес, өзі үшін айналысады. Қазақстанды әлемге таныттық деген жалған патриоттық керек емес.

Ресей, АҚШ сынды елдерде Элизабеттің оны шығады жылда. Бізде жалғыз болған соң бар жиғанды соның аузына тосып, аяғы нәтиже берді", - деп жазды журналист Айдос Рымқұл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1934474-qazaqtar-aqsa-bermese-tutberizde-manyna-zolatpaidy-zurnalist-elizabet-tursynbaevanyn-anasyn-ornyna-qoidy/

pixel