Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда өтетін қысқы олимпиада ойындарына ел құрамасының дайындығы қалай

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Қазақстан Республикасының шаңғы ұлттық қауымдастығының ресми сайты

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Қытайдың Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы ХХІV қысқы олимпиада ойындарына ел құрамасының дайындығы туралы сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде Елсияр Қанағатов Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас Ассамблеясының отырысында айтты.

"Бейжің Қысқы Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Адын ала мәлімет бойынша 4 мыңнан астам спортшы 95 елден қатысады деп жоспарланып отыр.

Істеліп жатқан жұмыстарды айтатын болсақ.

Біріншіден, Олимпиада ойындарына қатысу тәжірбиесі бойынша арнайы штаб құрылды. Бұл Олимпиада ойындарына дайындық мәселесін жете шешу шешуді күнделікті қарайды.

Екіншіден, Олимпиада ойындарына жолдама алуы мүмкін 70-тен астам жетекші спортшы белгіленді. Олимпиадада үздік ондықтың ішіне кіруі мүмкін 9 спортшы айқындалды. Олармен келісімшарт жасалды. Арасында бір олимпиада жүлдегері, 2 әлем чемипонатының жүлдегері бар, 2017 жылғы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар", - деді ол.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың үш қаласында, атап айтқанда, Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу қалаларында өтеді. Жолдама үлестірілетін додалар 16 қаңтарға дейін өтеді және оған дейін отандық спортшылар 50-ден астам лицензиялық турнирге қатысуды жоспарлап отыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1934631-qytaida-otetin-qysqy-olimpiada-oiyndaryna-el-quramasynyn-daiyndygy-qalai/

pixel