Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жанкүйерлер 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға бара алмайды

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі сурет: pixabay.com

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) отырыс өткізіп, қысқы Олимпиада ойындарына келуші жанкүйерлерге қатысты шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

ХОК-тың ресми сайтында жария етілген ақпаратқа сәйкес, Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындарының билеттері тек Қытай тұрғындары арасындағы жанкүйерлерге сатылатын болады.

Комитеттің баспасөз қызметі отырыс барысында қабылданған шешімге сәйкес, олимпиадаға келушілерге қандай талаптар қойылатынын жария етті.

"Билеттер тек материктік Қытайда тұратын, коронавирусқа қарсы шараларды сақтайтын көрермендерге сатылады", - дейді ХОК өкілдері.

Комитет тараптар мұндай шараны Олимпиада ойындарын бәріне барынша қауіпсіз ету және коронавирус дертінің таралуын болдырмау мақсатында қабылдауға мәжбүр екенін және өзге ел жанкүйерлеріне шектеу қоюға мәжбүр болып отырғандарына өкінетіндерін жеткізді.

Сондай-ақ, барлық спортшылар мен Олимпиада ойындарына қатысушылар міндетті түрде вакцинациялануы тиіс екендігі хабарланды. Толық вакцинацияланбаған қатысушылар Бейжіңге келгенде 21 күндік карантиннен өтуі керек.

Ал Олимпиада ойындарына жіберілген барлық қатысушылар күн сайын коронавирусқа тест тапсырып отыратын болады.

Комитет Олимпиада ойындары кезінде коронавирусқа қарсы нақты қандай шаралар сақталуы керектігі көпшілікке өз уақытында хабарланатындығын алға тартты.

Барлық Олимпиада ойындарына қатысушылар Бейжіңнің арнайы қонақүйіне жайғастырылатын болады.

Айта кетсек, қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылы 4-20 ақпанда Бейжіңде өтеді. Бұдан кейін 4-13 наурыз аралығында қысқы Паралимпиада ойындары өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1934688-qazaqstandyq-zankuierler-2022-zylgy-qysqy-olimpiadaga-bara-almaidy/

pixel