Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы39
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін қараша айында өткізеді деп хабарлайды Sports.kz.

Америкалық инсайдер Стив Кимнің ақпаратынша, Әлімханұлының кездесуі 5 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Әзірге, отандасымыздың қарсыласы кім екені белгісіз.

Жекпе-жек Top Rank ұйымдастырған шоу аясында өтеді.

Бұл кеште жартылай жеңіл салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Микаэль Майер (15-0, 5 КО) мен IBF белбеуінің иесі Майво Хамадуш арасындағы (22-1, 18 КО) жекпе-жек басты кездесу болмақ.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін отандасы Геннадий Головкинен жекпе-жекке шығу туралы сұраққа жауап берген еді.

"Жанкүйерлер менен "неліктен GGG-ді жекпе-жекке" шақырмайсың деп сұрайды. Жауап берейін. Ол менің үлкен ағам. Қазақстанда үлкендерді сыйлау керек - бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйерлер мұны түсінбеуі мүмкін. Бірақ дәстүрді құрметтеу керек екенін бәрі біледі. Бұл - қазақы стиль!", - дейді Әлімханұлы.

Одан бөлек, боксшы бірнеше рет өз салмағындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған болатын.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған мықтылардын арасында әйгілі мексикалық боксшы Сауль Альварес те бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1934745-zanibek-alimxanulynyn-kelesi-zekpe-zegi-qasan-zane-qaida-otetini-belgili-boldy/

pixel