Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Опубликовано:

ҚФФ
Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық бәсекесіне өте алмады. Жартылай финалда Каканың шәкірттері Португалияға есе жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан құрамасы матчты белсенді түрде бастаған. Дегенмен алғашқы таймда есеп ашылмады.

Екінші таймның 23 минутында Португалия құрамасының ойыншысы Варела Қазақстан қақпасына гол салды.

Ал 39-минутта қазақстандық Дәурен Нұрғожин таразы басын теңестіріп, ойын овертаймға ұласты.

42-минутта Дуглас Қазақстан құрамасын алға шығарды. Ойынның 49-минутында португалиялық Бруну Коэльу есепті 2:2 жеткізді.

Пенальти сериясында Португалияның жолы болып, финалға жолдама алды.

Енді Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола медалін 3 қазанда Бразилиямен сарапқа салады.

Финалда Аргентина мен Португалия өзара мықтыны анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1934843-qazaqstan-futzaldan-alem-cempionatynyn-finalyna-syga-almady/

pixel