Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спорттағы мансабын аяқтаған Элизабет Тұрсынбаева Қызылордада балаларды жаттықтырмақ

Опубликовано:

Элизабет Тұрсынбаева
Элизабет Тұрсынбаева. Фото: olympic.kz

21 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қызылордадағы спорт мектебіне жаттықтырушы болып келді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Элизабет Тұрсынбаева таяуда әлеуметтік желіде спорттағы манбасын аяқтағаны туралы хабарлаған болатын.

Қызылордада өткен баспасөз конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жағыпар Тажмаханов спортшының енді Қызылордада балаларды жаттықтыратынын айтты.  

"Біз басшылық ретінде де, Элизабеттің жанкүйері ретінде де бұл шешіміне үлкен құрметпен қараймыз. Елімізде мәнерлеп сырғанау спорты кенже қалса да, оған қызығушы жастар көп. Сондықтан Элизабет Байтаққызы спорттан алыстамайды. Қазіргі таңда басқармаға қарасты спорт мектебінің мәнерлеп сырғанау бөлімінде жаттықтырушы қызметін бастады", - дейді ол.

Өз кезегінде Элизабет өзіне қолдау білдірген барша жанға алғысын айтты.

"Мен кішкентай кезімнен мәнерлеп сырғанаудың шебері болуды қаладым және сол жолда барымды салып дайындалдым. Үлкен жетістіктерге де қол жеткіздім. Әрине бұл мені қолдаған жандардың арқасында деп білемін. Өкінішке қарай денсаулығыма байланысты спорттағы мансабымды аяқтауға тура келді. Бұл шешімге келу қиын болды. Бірақ алда әлі талай жақсы жаңалықтар көп болады деген сенімдемін. Мені қолдаған баршаларыңызға алғыс айтамын", - дейді ол.

Фото
Фото: Sputnik / Стрингер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1934854-sporttagy-mansabyn-ayaqtagan-tursynbaeva-qyzylordada-balalardy-zattyqtyrmaq/

pixel