Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы - франциялық боксшы Хассан Ндам Нджикаммен (38-5, 21 КО).

Кездесу 5 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетсек, Хассан Ндам Нджикам WBA және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Франциялық спортшы соңғы жекпе-жегін шілде айында венгриялық боксшы Габор Горбичке (26-21-2, 16 КО) қарсы өткізген. Нджикам қарсыласын ұпай саны бойынша жеңген.

Ал Жәнібек Әлімханұлы маусым айында шаршы алаңға шығып, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) сегізінші раунда жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1934904-zanibek-alimxanulynyn-kelesi-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel