Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында тұрмысқа шыққан Мөлдір Жаңбырбай Мәскеуде чемпион атанды

Опубликовано:

Мөлдір Жаңбырбай
Мөлдір Жаңбырбай: olympic.kz

Каратэден Токио Олимпиадасының қатысушысы, тамыз айында тұрмысқа шыққан Мөлдір Жаңбырбай спорттан қол үзген жоқ. Бүгін ол Ресейдегі ірі турнирде жеңімпаз атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей астанасы Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі аяқталды. Бұл каратэшілердің жылына бірнеше рет өтетін ең ірі спорттық бәсекесі. Аталған сын Токио қарсаңында лицензиялық турнирлер санатына енген болатын.

Олимпиада ойындарынан кейін қайта жалғасқан жарыста қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Нақтылап айтар болсақ, 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай финалда австриялық Беттина Планканы жеңіп, чемпион атанған. Бұл додада Мөлдірдің күйеуі Дидар Әмірәлі де қатысты. Алайда, ол жеңіс тұғырынан көріне алмады. Айта кетелік, тамыз айының аяқ тұсында Мөлдір мен Дидар шаңырақ көтерген болатын. Қызылордалық спортшы жақында келін болғанына қарамастан, спорттан қол үзбейтінін әлеуметтік желіде ашық айтты.

Сондай-ақ, Мәскеу төрінде жеңіске жеткен спортшылар қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева да бар. 68 келіде сынға түскен Софья финалда Ресей спортшысынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды.

Ерлер арасындағы сында Қайсар Алпысбай жеңіске жетті. Ол 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеген.

Ал команда қоржынындағы жалғыз күміс жүлдені 55 келідегі Сабина Захарова иеленді. Ол ақтық сында қарсыласына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1935142-zaqynda-turmysqa-syqqan-moldir-zanbyrbai-maskeude-cempion-atandy/

pixel