RU

Арман Әшімов NFC 23 турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберді

Арман Әшімов1
Фото: instagram.com/ashimovarman

Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турнирі өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Турнирдің басты жаңалығы M1 Global-дың бұрынғы чемпионы Арман Әшімовтің октагонға қайта шығуы болды.

Қазақстандық аралас жекпе жек шебері бірінші раундта әзербайжандық Серхан Валилиді нокаутқа жіберді.

Осылайша, Арман екі жылдық үзілістен кейін ММА-ға жеңіспен оралды.

Кештің басты жекпе-жегінде Ресейдің атынан өнер көрсететін қандасымыз Серік Разғалиев қырғызстандық Бекзат Исаковты бірінші раундта ұтты.

Сонымен қатар, қазақстандық Мурад Абдурахманов та айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Ол украиналық қарсыласы Станислав Шаболтасты 15 секундта нокаутқа түсірді.

Тағы бір жерлесіміз Шыңғыс Қайранов төрешілер шешімімен тәжікстандық спортшы Асадулла Рустамовтан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1935177-arman-asimov-nfc-23-turnirinde-qarsylasyn-nokautqa-ziberdi/