RU

Головкиннің абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жегінің өтпеуіне кім кінәлі

Фото
Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жектің өтпеуіне не себеп болғанын айтты деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаттықтырушының сөзінше, 2017 жылы Головкинде WBA, WBC және IBF белбеулері, ал Сондерсте орта дивизионның WBO титулы болған.

Бұл жекпе жекті Қазақстанда ұйымдастыру жоспарланған екен, алайда, ол сол күйі өтпеді.

"Сондерспен Қазақстанда жекпе-жек өткізу бойынша келісімшарт шынымен болды. Ол 2017 жылы ЭКСПО кезінде еді. Алайда көрме ұйымдастырушылары кепілді міндеттерін орындамады да, кездесу өтпеді. Ал бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз жолы Билли Джоға берген уәдені орындау болатын. Бірақ Сондерске айтылған соманы төлейтінімізге кепіл бере алмадық та, келіссөз сонымен үзілді, себебі бізде ондай ақша болмады", - дейді Санчес FightHub TV арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1935431-golovkinnin-absolyut-cempion-atagy-usin-zekpe-zeginin-otpeuine-kim-kinali/