Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелдер құрамасында былық көп": Бақыт Сәрсекбаев Ангелина Лукасты не себепті қолдағанын түсіндірді

Опубликовано:

Бақыт Сәрсекбаев
Фото: Бақыт Сәрсекбаев/zimbio.com

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев боксшылар Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас арасындағы кикілжіңге не себепті араласқанын айтып берді деп жазады Express Qazaqstan.

"Менің бұл мәселеге араласуымның өзіндік себебі бар. Өйткені өзім боксшы әрі Олимпиада чемпионы ретінде әділетсіздікті көріп тұрғанда тыс қала алмадым. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, әйелдер құрамасында былық көбейіп кеткен. Халық арасында резонанс туды.

Бәріміз жабылып, бір қыздың тағдырына балта шабуға болмайды ғой. Спортта ең бастысы әділеттілік керек. Таза іріктеу болғанын қалаймын. Әлемдік деңгейде Қазақстанның намысын тек мықты спортшы қорғауы тиіс. Менің бұл жердегі ұстанымым осы ғана", - деді Сәрсекбаев.

Одан бөлек, Бақыт Сәрсекбаев Назым мен Ангелина өзара жекпе-жекке шықса кімнің жеңіске жетуі мүмкін екенін айтты.

"Қазір әлемде ерлер боксымен қатар әйелдер боксы да қарқын алып жатыр. Реті келгенде қызықты жекпе-жектер болса көріп тұрамын. Бұл боксшылардың бірнеше кездесуін көргенмін. Екеуі де — еліміздің үздік боксшылары.

Назым қарындасымызбен мақтанамыз. Екі дүркін әлем чеммпионы. Әрбір салмақта кемі осындай бәсекелестік болуы тиіс. Өзара кездесуде қайсысының дайындығы жоғары болса, сол жеңіске жетеді. Маған кімнің жеңгені маңызды емес. Бастысы, кім мықты, сол әлемдік деңгейде ел намысын қорғағаны керек.

Спорттық принципті бірінші орынға қоямын. Егер Назым өзінің үздік екенін дәлелдеп жатса, онда әлем чемпионатына барып жатса, кім қарсы болады. Назым қарындасымыз үшінші рет әлем чемпионы атанып жатса, ең бірінші болып қуанатындардың қатарындамын", - деді Сәрсекбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1935690-aielder-quramasynda-bylyq-kop-baqyt-sarsekbaev-angelina-lukasty-ne-sebepti-qoldaganyn-tusindirdi/

pixel