Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова
Жәмила Бақбергенова: olympic.kz

Күрес түрлерінен Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова финалға шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жәмила турнир барысында үш кездесу өткізді.

Жарысты ширек финалдан бастаған ол франциялық Синтия Ванесса Весканды жеңді. Жартылай финалда түркиялық Бусе Тусунді 13:3 есебімен ұтты.

Белдесу барысында Бусе қазақстандық спортшының шашынан тартып, лас күрес көрсеткеніне қарамастан, төрешілер оған ескертумен шектелді. Десе де, Жәмила өз шеберлігімен кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетелік, бұл Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалына алғаш рет шығуы. Оның ақтық сындағы қарсыласы енді анықталады.

Жәмила Бақбергенова егіздің сыңары. Оның сыңары Мәдина Бақбергенова де күрестен Қазақстан командасының мүшесі.

Ослодағы әлем чемпионаты 10 қазанда аяқталады. Бұған дейін еркін күрес шеберлері жарыстан жүлдесіз қайтты. Ертең грек-рим күресінің өкілдері кілемге шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1935770-qazaq-qyzy-zamila-baqbergenova-kuresten-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel