Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының ойыншысы коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Александр Марочкин
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмады. Естеріңізде болса, Марочкин ұлттық құраманың өткен айдағы үш ойынына да қатысқан еді.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Қос ойын да "Астана Арена" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1936078-qazaqstan-quramasynyn-oiynsysy-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel