Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин көптен күткен мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Головкин мен Альварес
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: Ethan Miller/Getty Images

IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) рингке оралуға дайындығын бастап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram әлеуметтік желісіндегі кезекті жарияланымда Головкинді өз командасы – жаттықтырушысы Кристофер Камачо, ағасы Максим және проспект-суперорта салмақтағы Әли Ахмедовтің ортасында тұр.

Бұл суреттердің астында "Жаттығу лагеріне оралған қандай тамаша. Барлығын аман көргеніме қуаныштымын" деген жазу бар деп хабарлайды Sports.kz сайты.

GGG-дің келесі жекпе жегі желтоқсан айының соңында Жапонияда өтетіні күтілуде. Оның қарсыласы WBA Super нұсқасы бойынша орташа категориядағы жергілікті әлем чемпионы Риота Мурата болмақ. Бұл Головкиннің 2020 жылдың желтоқсанынан бері өткізілген алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Еске сала кетейік, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осы салмақта WBA Super титулын иеленген жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге келіскені туралы жазған едік.

ESPN инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, жекпе-жек 28 желтоқсанда Жапонияның Коба қаласында өтеді деп жоспарланған.

Дегенмен боксшылар кездесуді өткізу үшін DAZN стримингтік сервисінен рұқсат алу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1936161-gennadii-golovkin-kopten-kutken-malimdeme-zasady/

pixel