Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы11
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады.

Спортшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба қалдырды.

"Менің өзгеше екенімді барлығы біледі. Менің стилім бөлек. Қазақша стиль – әлемдегі ең күштісі. Мен оны 5 қарашада көрсетемін", – деп жазды боксшы Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы – франциялық боксшы Хассан Ндам Нджикаммен (38-5, 21 КО).

Кездесу 5 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетсек, Хассан Ндам Нджикам WBA және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Франциялық спортшы соңғы жекпе-жегін шілде айында венгриялық боксшы Габор Горбичке (26-21-2, 16 КО) қарсы өткізген. Нджикам қарсыласын ұпай саны бойынша жеңген.

Ал Жәнібек Әлімханұлы маусым айында шаршы алаңға шығып, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) сегізінші раунда жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1936870-qazaqstandyq-bokssy-zanibek-alimxanuly-malimdeme-zasady/

pixel