Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде 11 жастағы хоккейшілердің жаппай төбелесіп жатқан видеосы тарады (видео)

Опубликовано:

Ойын алаңындағы жаппай төбелес
Ойын алаңындағы жаппай төбелес. Фото: instagram.com/hcbeibarysatyrau_official/

Федерация кубогының хоккей матчында "Ақтөбе" және "Бейбарыс" балалар хоккей командалары арасында жаппай төбелес орын алды деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған жайт 14 қазан күні болған. Ойын алаңында жаппай төбелеске ұласқан кездесудегі хоккейші балалар - 11 жас категориясындағылар.

Екінші кезеңнің соңында туындаған қақтығысқа мұз үстінде жүрген барлық ойыншылар араласып, артынша бұл түсініспеушілік төбелеске айналып кеткен.

Айта кету керек, ойын "Бейбарыс" командасының жеңісімен аяқталған. Олар қарсыластарын 5:0 есебімен жеңген.

Ақтөбеліктердің қақпасына шайба салған хоккейшілер қатарында Аңсар Әділов, Мансұр Ишин және Юрий Миних бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1937127-zelide-11-zastagy-xokkeisilerdin-zappai-tobelesip-zatqan-videosy-tarady-video/

pixel