Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арақ ішіп, темекі тартады": Асу Алмабаев Қазақстан футбол құрамасын қатаң сынға алды

Опубликовано:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57/

Отандық аралас жекпе-жекші Асу Алмабаев әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойсырай ұтылған Қазақстан футбол құрамасына қатысты ойын айтты деп жазады Sports.kz.

"ММА-ді дамыту керек, бауырлар. Әрине, олардың жалақысы өте көп. Арақ ішіп, темекі тартады. Шаршы алаңда кім ойын ойнайды?!

Скрин
Асу Алмабаевтың пікірінің скрині: instagram.com/ztb_video/

Біз мұнда залға жетіп, жаттығу үшін әлі күнге дейін автобуспен қатынап жүрміз. Соның өзінде нәтиже бар", - деп жазды Алмабаев Instagram желісіндегі отандық пабликтердің бірі - ztb_video жазбасының астына.

Еске салсақ, Талғат Байсуфиновтің қарамағындағылар әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Босния және Финляндия командаларымен ойнап, екеуінен де 0:2 есебімен жеңілген болатын.

Қазақстан құрамасы қатарынан 14 ойында жеңіліп, бір де бір рет жеңіске жете алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1937233-araq-isip-temeki-tartady-asu-almabaev-qazaqstan-futbol-quramasyn-qatan-synga-aldy/

pixel