Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков жеңіліп көрмеген ресейліктен басым түсті

Опубликовано:

Дәурен Ермеков
Фото: Prosports.kz

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (15-5) Сочиде өтіп жатқан Eagle Fighting Championship 42 аралас жекпе-жек турниріне қатысты деп хабарлайды Prosports.kz.

Ермектің қарсыласы жеңіліп көрмеген ресейлік Нуцалхан Умаханов (7-0) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Ермеков жеңіске жетті.

Осылайша, Дәурен Ермеков кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізсе, Нуцалхан Умаханов бірінші рет ұтылды.

Айта кетейік, Eagle Fighting Championship промоушенінің иесі - UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1937540-eagle-fighting-championship-42-dauren-ermekov-zenilip-kormegen-reseilikti-utty/

pixel